09.05.2022

9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтау

Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені әрқайсымызда бұл соғыстың зардабын көрген ата-әжелеріміз бар. Жыл өткен сайын бұл мерекенің маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз.

Себебі 9 мамыр – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі – Жеңіс Күні, халқымыздың ерлігінің үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымас қайраттылығының символы болып табылады.

Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Құрметті ардагерлер! Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін!

Төраға, Ерқанат Темірханов