28.04.2022

Информация Филиала Объединения по Кызылординской области

«Қауіпсіз еңбек – 2022» халықаралық еңбекті қорғау және Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күнін мерекелеуге арналған бірлескен іс-шараларға қатысты Бірлестіктің Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты

«Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және өндірісте жарақаттануды болдырмау мақсатында 2022 жыл «Қауіпсіз еңбек-2022» Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. Осыған байланысты, 2022 жылғы 28 сәуірде «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қызылорда» МГҚБ әкімшілік ғимаратының конференц-залында Бірлестіктің Қызылорда облысы бойынша филиалы мүшелерінің қатысуымен «Қызылорда» МГҚБ филиалының басшылығымен бірлескен «Қауіпсіз еңбек – 2022» Халықаралық еңбекті қорғау күніне және Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылына арналған іс-шаралар өткізілді, онда «Қауіпсіз еңбек – 2022» Ең үздік логотип байқауының және «Қауіпсіз еңбек – 2022» Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылына арналған филиал қызметкерлерінің балалары арасындағы «Еңбек қауіпсіздігі және өмір қауіпсіздігі» балалардың тақырыптық суреттер байқауының қорытындысы шығарылды. «Қауіпсіз еңбек – 2022» үздік логотипіне арналған конкурсқа Бірлестіктің Қызылорда облысы бойынша филиалының мүшелері қатысып, жеңімпаз атанды: • Қайырбек Тлекқабылұлы Кенжебаев - «Қызылорда» МГҚБ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Ақсуат» жөндеу-пайдалану учаскесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері; • Марат Советұлы Абасов – «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің инженері; • «Еңбек қауіпсіздігі және өмір қауіпсіздігі» балалардың тақырыптық суреттер байқауында Бірлестіктің Қызылорда облысы бойынша филиалы мүшелерінің балалары қатысып, конкурс жеңімпаздары атанды: • «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының инженері Руслан Байнашұлы Батпановтың қызы – Русланқызы Жансұлу; • «Қызылорда» МГҚБ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Ақсуат» жөндеу-пайдалану учаскесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Қайырбек Тлекқабылұлы Кенжебаевтің қызы - Қайырбек Айжұлдыз; • «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің слесарі Нұрділда Төрәліұлы Салхадиновтың қызы - Төрәлі Кәусар; • «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызметінің газ шаруашылығындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Роман Хазбиевич Тедеевтің қызы - Тедеева Екатерина; • «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызметінің газ шаруашылығындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Қонысбек Бейсенбайұлы Оспановтың ұлы - Бейсенбай Дәулет;

• «Қызылорда» МГҚБ филиалының Таратушы газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызметінің бастығы Жасұлан Мәлікұлы Абилдаевтың ұлы - Малик Нұртұған. Салтанатты жиында «Қауіпсіздік еңбек – 2022» үздік логотипі және балалар суреттері байқауының жеңімпаздары «Интергаз Орталық Азия» АҚ алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.