04.04.2023
Маңғыстау филиалы бойынша кездесулер
Бірлестіктің Маңғыстау филиалы бойынша директоры Краснова Талига Темирхановна 04 сәуір 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімінің жастар саясаты және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары М.Д. Оралбаймен, 05 сәуір 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің аппарат басшысы Тажібаев Нұрлан Төлегенұлымен танысып, кездесу өткізді. Кездесу барысында газ саласының ардагерлеріне арналған журнал табысталды.