20.05.2022
Встреча с активными членами РСВГО
2022 жылғы 20 мамырда «РГСАК» ҚБ Алматы қаласындағы белсенді мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге газ саласының құрметті мүшелері қатысты:
• Болат Оразұлы Иманалин – кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы • Болат Санатұлы Әкімбаев – бұрынғы бас инженер, 1971 жылы Алматы қаласында табиғи газды іске қосудың алғашқы тарихи куәгері және алаушысы. • Сұлтанғали Хамитұлы Иманжанов – «QazaqGaz» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелердің бұрынғы басшысы • Сырым Құсайынұлы Наримбаев – «QazaqGaz» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелердің бұрынғы басшысы, концерттік бригада мүшесі • Жұмабек Ауғанұлы Имамбеков –РГСАК» ҚБ Алматы қаласы бойынша филиалының «директоры • Айжан Сабырқызы Мұқатаева – «РГСАК» ҚБ атқарушы директоры • Ұлболсын Матжанқызы Медешова - «РГСАК» ҚБ Алматы қаласы бойынша филиалының референті. Кездесу барысында мұрағат үшін жиналған материалдармен, тарихи фотосуреттермен, альбомдармен, газет пен журналдың 1971-1973 жылдардағы қиындыларымен танысты. Кеңестің белсенді мүшелері газ саласындағы еңбек қызметінің тарихы мен қызықты фактілерімен бөлісіп, журналистер үшін сұхбаттың алдын ала жоспарын жасады.