31.08.2022

Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтаймын! Қоғамның өркендеуіне, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымыздың бекітілгені еліміздің халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Конституциямыз мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі бола берсін. Басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Тілек білдіруші, Төраға Е. Темірханов