02.09.2022

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

Құрметті ардагерлер, әріптестер, газ саласының мамандары!

Бүгінгі күні мұнай мен газсыз өмірді елестету мүмкін емес. Осы саланың дамуы мен өркендеуіне әрқайсыңыз азды көпті қызмет еттіңіздер. Баршаңызды мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні осы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, жылы лебізімді білдіргім келеді. Сіздерге абыройлы қызмет пен табыс, үлкен мүмкіндіктер тілеймін. Әрқашан жанның нұрлы, үйде жылы әрі жайлы болғанын қалаймын. Әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын. Сізге зор денсаулық, таусылмас бақыт пен сәттілік тілеймін. Елімізде тыныштық, жер қойнауында байлығымыз ешқашан таусылмасын.

Тілек білдіруші,

Республикалық газ саласы ардагерлері кеңесі Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Ерқанат Темірханов